Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру – басты мақсат

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған бағдарлама өңірлерде жүзеге асып жатыр

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымдағы құрамы қалыптастырылып, жұмысын бастағанына көп уақыт өте қоймады. Алайда, осы қысқа уақыттың өзінде бір неше заң жобасы қабылданып, бірқатар елмен қарым-қатынас бойынша құжаттар ратификацияланып үлгерді. Бұған Мәжіліс құрамындағы депутаттық фракциялар жұмысының жанданғаны да себеп болып отыр.

«NurOtan» партиясы тарапынан депутаттық құрамды қалыптастыру праймериз әдісімен өткізілгені еліміздегі саяси процестерді алға ілгерілетті. Сайлауалды науқанында бірнеше сатыдан тұратын іріктеуден өткен нұротандық депутаттардың партия және қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түсті. Жетінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «NurOtan» партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысында Пратия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең басты мәселе ретінде ұйымның «нақты істер партиясы» екенін кезекті рет дәлелдеуді тапсырған еді. Бұл межені ұстап тұру үшін фракция мүшелерінің алдында төмендегі үш негізгі қажеттіліктерді жүзеге асыру міндеті тұр.

Біріншіден, депутаттар Үкіметпен бірлесе отырып сайлауалды бағдарламанын нәтижелі орындалуын қамтамасыз етуі керек. Н.Назарбаев сайлаушылардың «NurOtan» партиясына дауыс бере отырып, алдымен партия ұсынған сайлауалды бағдарламаны таңдағандарын ескерте отырып, бір ай ішінде бағдарламаны жүзеге асыру бойынша арнайы Жол картасын бекітуді тапсырды. Жол картасы 2025 жылға дейін арқарылатын жұмыстың барлығын қамтып, әр жылға межеленген жұмыстар жеке-жеке даярланады.

Оған қоса, өңірлерде қабылданған 216 сайлауалды бағдарламаның сол облыс-қала-аудандарда жүзеге асырылуы бойынша жеке-жеке жоспарлар құрылуда. Бұл өз кезегінде әрбір өңірде атқарылып жатқан жұмыстың сапасы мен тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджеттен бөлінетін қаражаттың орынды пайдаланылуын бақылау фракцияға жүктелді. Әрбір депутат белгілі бір өңірге біріктірілді. Бұл қадам депутаттардың жергілікті тұрғындардың қажеттілігін жете біліп, қоғам үшін өзекті мәселелердің шешімін ұсынуы үшін жасалуда.

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында «NurOtan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көзделген бірқатар әлеуметтік бастама жүзеге асырыла бастады. Олардың алғашқысы ретінде отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешуі үшін азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй алуға, денсаулығын жақсартуға пайдалана бастауын көрсетсек болады. Бүгінгі таңда осы мүмкіндікті пайдаланып, өзінің тұрғын үй мәселесін тыңғылықты немесе ішінара шешіп үлгергендерді күнделікті көріп жүрміз. Бағдарламаға сай, алдағы 5 жыл ішінде 977 мың отбасыға, оның ішінде 284 мың көп балалы және күнкөрісі кедейлік шегінен төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балаларға арналған 103 млн. шаршы метр тұрғын үй берілу жосарланған. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу барысында фракция мүшелерінің белсене жұмыс атқаруы талап етіліп отыр.

Фракция отырысында Партия төрағасы тарапынан айтылған үшінші талап, фракция мүшелерінің тұрғындармен байланысын жолға қоюға қатысты болған еді. Осы мақсатта Партия Орталық апараты мен өңірлердегі филиалдарының қасындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жанданды. Бүгінгі пандемия жағдайындағы талаптарды ескере отырып, халық қалаулылары қоғаммен кері байланысқа шығудың жаңа тәсілдерін қолдануға көшті. Онлайн байланыс арқылы Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ағайынның толғандырған мәселелерін тыңдауға мүмкіндік алып отырмыз. Алдағы уақытта осы үрдіс жалғасын табатын болады.

Ф.Қаратаев, Мәжілісінің депутаты, «NurOtan» партиясы фракциясының мүшесі