24 наурызда Қазақстанның 43 азаматы елге ПТР-анықтамасыз ұшып келген
24 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Монғолия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 176 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 133 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 43 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 23 наурызда шетелден анықтамасыз келген 32 ҚР азаматының екеуінен коронавирус анықталды: бір жолаушы Ыстанбұлдан Алматыға, бір жолаушы Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген.