Пара алды деп айыпталған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманына қатысты сот үкімі шықты
«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ірі габаритті тасымалдау субъектілеріне қамқорлық жасау үшін олардан жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің бас маманы С. С. Айдаркеновке қатысты тергеуді аяқтады», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
3 желтоқсанда № 2 Байқоңыр аудандық соты үкімімен C. Айдаркенов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 26 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.