Мысырдан келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

18 наурызда 357 Қазақстан азаматы ПТР-анықтамасыз келді

көрнекі сурет

18 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Франция, Мальдив, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстан елдерінен 34 халықаралық әуе рейсімен 3 771 жолаушы келді. Олардың ішінде 3 414 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 357 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.

  • Алматы әуежайына – 19 рейс (1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз – 129);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (1 200  жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз – 228);
  • Шымкент әуежайына – 5 рейс (барлық 490 жолаушы анықтамамен келген);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 149 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 17 наурызда шетелден анықтамасыз келген 387 Қазақстан азаматының төртеуінен коронавирус инфекциясы анықталды: үш жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.