18 наурызда БҚО «сары» аймаққа өткен еді
19 наурыздағы Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы тұр.
«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске салайық, БҚО 16-17 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта болған еді. 18 наурызда БҚО «сары» аймаққа өтті.