Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

17 наурызда 387 ҚР азаматы ПТР-анықтамасыз келген

көрнекі фото

17 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 28 халықаралық әуе рейсімен 3 372 жолаушы келді. Келген жолаушылардың 2 985-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 387 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.

  • Алматы әуежайына – 14 рейс (1 736 жолаушы, анықтамамен – 1 544, анықтамасыз – 192);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (460 жолаушы, анықтамамен – 299, анықтамасыз – 161);
  • Шымкент әуежайына – 4 рейс (барлық 616 жолаушы анықтамамен келген);
  • Ақтау әуежайына – 3 рейс (434 жолаушы, анықтамамен – 400, анықтамасыз – 34);
  • Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 120 жолаушы анықтамамен келген);
  • Тараз әуежайына – 1 рейс (барлық 6 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, қазір карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 16 наурызда шетелден анықтамасыз келген 211 ҚР азаматының бесеуінен коронавирус анықталды. Екі жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, бір жолаушы Сеул – Алматы рейсімен, бір жолаушы Анталия – Алматы рейсімен, тағы бір жолаушы Рас-эль-Хайма – Ақтау рейсімен келген.