Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы тіркелген жоқ – ДСМ

Биыл сәуір айынан бастап халықтың осал топтарын вакцинациялау басталады

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы тіркелген жоқ – ДСМ
көрнекі сурет

Елімізде коронавирус инфекциясын қоспағанда, жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан тұрғындары ішінде оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтырма, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, сіреспе, қызамық, қызылша, сібір жарасы және безгек ауруымен ауыратындар тіркелген жоқ.

Сондай-ақ қыркүйек-қаңтар аралағында жүргізілген геномдық зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы (британдық, бразилиялық және оңтүстік африкалық штамм) тіркелген жоқ.

Алексей Цой биыл сәуір айынан бастап халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялауды басталатынын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.