«Қызыл» аймаққа тағы бір өңір енді

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус: 3 өңір «қызыл» аймақта

көрнекі сурет

16 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді.

«Сары» аймаққа енген өңірлердің қатарына: Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды. Нақтырақ, бір күнде коронавирустан 9 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.