Тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрету үшін 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады
Алматыда балаларға тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрететін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алматы спорты» әлеуметтік жобасы аясында тау шаңғысымен сырғанауды тегін үйрету үшін 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Оқыту 2-31 желтоқсан аралығында өтеді. Әр балаға кәсіби нұсқаушылар төрт сабақтан өткізеді. Сабақ екі ауысымда, 60 минут бойы жүреді. Бірінші ауысымның сабағы сағат 8:00-де, екіншісі, сағат 14:00-де басталады. Ұйымдастырушылар тарапынан шаңғы курортына дейін апаратын көлік және қажетті заттар (шаңғы, таяқтар, бәтеңке, шлемдер) ұсынылады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Тіркеу Бөгенбай батыр, 66 мекенжайында, almatysporty.kz сайтында немесе info@arnage.kz электронды поштасы және +7 (707) 245 7255 WhatsApp нөмірі арқылы жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
– ата-аналардың жеке куәлігінің және баланың туы туралы куәлігінің көшірмелері (2 көшірмеден);
– отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы (болса) анықтамалар, құжаттар (көпбалалы, аз қамтылған);
– нақты тұратын мекенжайы, байланыс телефоны;
– баланың мектепке қай ауысымда баратынын көрсету қажет.