Түркістанда нұротандық меценат 100 отбасына азық-түлік таратты

Автор: Azattyq Rýhy

Көмек әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көрсетілді 

Түркістан облысында кезекті қайырымдылық іс-шарасы өтті. “Nur Otan”  партиясы Сайрам аудандық филиалы “Қайнарбұлақ” бастауыш партия ұйымының төрағасы Сихымбай Уалиханұлы "Бақытты отбасы" жобасы, "Қамқорлық" бағдарламасы аясында Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты елді-мекендердегі әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 100 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы аудандық саяси кеңес мүшесі, БПҰ төрағасы Сихымбай Уалиханұлы бұндай игі істерді әдетке айналдырып, үнемі елге көмектесіп отырады. Әсіресе елді әбігерге салған төтенше жағдайлар кезеңінде  жұмыссыз қалған, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмекпен дәрі-дәрмектермен көмек көрсете білді. 100 отбасына 3 млн.теңгеге жуық қаржы жұмсап, игі іс атқарған ел азаматы бұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.