Шымкентте кезекті той тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мегаполисте карантин режимін елемеген тойхана анықталды

скриншот: видео

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Әл-Фараби ауданы бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысын сақтамаған кәсіпкерлік нысан анықталды.

Рысқұлов көшесі бойында орналасқан «Жұлдыз» тойханасында той болып жатқаны анықталды. Кәсіпкерлік нысан иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталды.

Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.