11.03.2021, 13:16
Қоғам
Алматы әуежайына ПТР-анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы депортацияланды
Ол Қырғызстаннан ұшып келген
10 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 22 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңға жуық жолаушы келді. Келген жолаушылардың 2598-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 374 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
- Алматы әуежайына – 14 рейс (1 833 жолаушы, анықтамамен - 1 798, анықтамасыз – 35);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 3 рейс (347 жолаушы, анықтамамен - 195; анықтамасыз – 152);
- Шымкент әуежайына – 2 рейс (барлық 333 жолаушы анықтамамен келген);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 129 жолаушы, анықтамамен келген);
- Ақтөбе әуежайына – 1 рейс (232 жолаушы, анықтамамен - 45; анықтамасыз – 187);
- Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 98 жолаушы, анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 10 наурызда Қырғызстаннан Алматы қаласының әуежайына ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 10:03
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады