Қашықтан жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерінің саны 50%-ға дейін қысқартылды
Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова 3 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа қаулы бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда базарлардың жұмыс уақыты ұзарды, оның ішінде демалыс күндері де олардың қызметіне рұқсат етілді. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерінің саны 50%-ға дейін қысқартылды.
Жарияланған құжатта сондай-ақ «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдаланатын бизнес субъектілерінің жұмыс алгоритмі көрсетілген.
Айта кету керек, жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.