Елорда әкімдігінің мердігер ұйымдары бюджетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл қаражатқа бір балабақша салуға болады

Фото ашық дереккөзден

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды қымбат бағада сатып алғаны белгілі болды.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалық жабдықтар сатып алуға болатын еді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т.сәйкес (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде», - делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.