Мереке күні елордада 22 сәби дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада бүгін түнде дүниеге келген 22 баланың 11-і қыз бала, 11-і ұл бала

Елорда перзентханаларында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 22 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айтулы мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.

«Осындай ерекше күні дүниеге келген нәрестелердің бауы берік болсын! Ел азаматтары болып өссін. Тұңғыш Президент күні өздеріңізді арнайы құттықтай келдік. Жыл санап дүние есігін ашқан сәбилердің саны арта берсін», - деді Б. Мәкен.

Нәрестелі болған аналарға сәбидің туу туралы куәлігі мен сыйлықтар табыс етілді.

«Түнгі сағат 00:00-ден осы уақытқа дейін біздің орталықта 10 сәби дүниеге келді. Оның 5-уі ер бала, 5-уі қыз бала. Барлық босану сәтті өтті, сәбилерде, аналары да өздерін жақсы сезінуде», - деді қалалық №2 көпбейінді аурухананың директоры директоры Иван Ли.

Айта кетерлігі, қалада дүниеге келген 22 баланың 11-і қыз бала, 11-і ұл бала.