Балаларға Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл деген есім берілді
Шымкент қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Биылғы алғашқыперзентханадан үшем анасымен бірге бүгін шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
28 жастағы Айткүл есімді қала тұрғыны біраздан бері ұл сүюді армандап жүрген еді. Арманы орындалып, өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.
Туған сәтте үшемнің салмағы 1570 гр, 1610 гр, 1820 грамм болған екен. Қазіргі күні Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл есімді балақайлар салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған.
Мерзімінен ерте туылған үшем екі аптаға жуық қалалық перинаталдық орталықтағы мамандардың бақылауында болды.