ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Жетісайда үш бірдей баланы қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде

Балалардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды

көрнекі сурет

14 ақпанда Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне ауруханадан кәмелет жасқа толмаған үш бірдей баланың түрлі дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер аталған жайт бойынша бірден тексеруге кіріскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары 14 ақпан күні сағат 17:50 шамасында Жетісай ауданындағы С.Ерубаев көшесі бойында белгісіз автокөлік иесі үш жасөспірімді қағып кетіп, жол апатына себепкер болғаны анықталды.

16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақатымен ем қабылдаса, небәрі төрт жастағы бүлдіршін ауыр дене жарақаты салдарынан жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды.

Аталған жайт Жетісай аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және күдіктінің оқиға орнын тастап кеткені үшін ҚК-нің 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Аудан полицейлері күдіктіні анықтауға қатысты жедел іздестіруді бастады.

Оқиға орнын тиянақты тексерген тәртіп сақшылары автокөліктің артқы шамының сынықтары мен айна сынықтарын тапты. Бұл заттардың “Ауди-100” маркалы автокөлікке тиесілі және көліктің түсі сұр-қара (мокрый асфальт) болуы ықтимал деп болжануда. Сол себепті, осы болжамға сәйкес Жетісай ауданында аталған маркадағы автокөліктер тыңғылықты тексерілуде.