16.02.2021, 11:51
Қоғам
Мысырдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Ол 14 ақпанда Шарм-эль-Шейх қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген
көрнекі фото
15 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 19 халықаралық әуе рейсімен 2 094 жолаушы келді. Олардың ішінде 1 711 жолаушының ПТР-анықтамасы болса, қалған 383 азаматта тиісті анықтама болмаған.
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 10 рейс (889 жолаушы, анықтамамен - 776; анықтамасыз – 123);
- Алматы әуежайына – 6 рейс (916 жолаушы, анықтамамен - 742, анықтамасыз – 174);
- Ақтау әуежайына – 2 рейс (144 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз – 2);
- Орал әуежайына – 1 рейс (135 жолаушы, анықтамамен - 51, анықтамасыз – 84).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 14 ақпанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 557 жолаушының бірінен коронавирус анықталды. Ол Шарм-эль-Шейх (Мысыр) қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды