Ол 14 ақпанда Шарм-эль-Шейх қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген
15 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 19 халықаралық әуе рейсімен 2 094 жолаушы келді. Олардың ішінде 1 711 жолаушының ПТР-анықтамасы болса, қалған 383 азаматта тиісті анықтама болмаған.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 14 ақпанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 557 жолаушының бірінен коронавирус анықталды. Ол Шарм-эль-Шейх (Мысыр) қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген.