1-2 желтоқсан күндері елордада қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
1-2 желтоқсан күндері елордада қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай келесі бағдарлардың жұмыс тәртібі күшейтіледі:
1-желтоқсан күні - №№ 2, 8, 10, 12, 18, 19, 33, 37, 40, 51, 71, 302, 303.
2-желтоқсан күні - №№ 10, 12, 18, 37, 40, 51, 302, 303», делінген хабарламада.
Бағдарлардың қозғалыс кестесінің өзгерістері туралы ақпаратты компания сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.