«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

Azattyq Rýhy
30.11.2019, 10:21

«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды. 234 үміткердің аты-жөні бар толық тізім жария етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Халықаралық бағдарламалар орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады», делінген хабарламада.

Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.

Айта кетерлігі, Ақордада Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткен еді. Комиссия отырысында білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

Айта кетерлігі, 2020 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына арналған квотаның барлық түрі алынып тасталады.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Қисайған үйдің тұрғындары көшіріледі – Алматы әкімдігі
Министр тараздық кәсіпкерге мемлекеттік награда тапсырды
Ақтауда 268 отбасыға пәтер кілті табысталды

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді