Қазақстанда ана мен бала өлімі азайды

Автор: Azattyq Rýhy

2020 жылдың қорытындысы бойынша, республикада нәресте өлімінің көрсеткіші 7,2%-ға төмендеген

Фото: ашық дереккөзден

азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният төрағалығымен өткен нәресте өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырысында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ажар Ғиният 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада оң динамика байқалып, нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға төмендегендігін атап өтті. Вице-министр келтірген деректерге қарағанда, 2019 жылы 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 8,40 болса, биыл 7,79, ал 2020 жылға нәрестелердің өлім-жітім индикаторының нысаналы мәні ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 10,1 құрайды.

Сондай-ақ балалар өлім-жітім көрсеткіші өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,8% -ға төмендеді және тірі туған 1000 балаға шаққанда 2019 жылғы 10,7-ге қарағанда 8,9-ды құрады.

Тегтер: