$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2021, 09:13
Қоғам

Қазақстанда 3 мыңнан астам адам алғаш рет құжат алды - ІІМ

Құжаттары жоқ адамдарды анықтау жөніндегі республикалық акция мамыр айына дейін жалғасады 

Қазақстанда 3 мыңнан астам адам алғаш рет құжат алды - ІІМ
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 3 мыңнан астам адам алғаш рет құжат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі құқықтық мәртебесін айқындау және құжаттандыру мақсатында құжаттары жоқ адамдарды анықтау жөніндегі республикалық акцияны жалғастыруда. Акция өткен жылдың қазан айында басталды және оның аясында 3 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжаттарын алды.

Олардың көпшілігі Алматы қаласында (300), Алматы (372), Қарағанды (353), Ақмола (279), Жамбыл (276) және Түркістан (284) облыстарында анықталды. Елордада 189 адамға құжаттар берілді.

Акцияны ағымдағы жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарланған болатын, алайда құжатсыз тұлғалар санын қысқартудың маңыздылығын ескере отырып, жұмысты мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

«Азаматтығы жоқ адамдарды анықтау әлемдік проблема болып табылады, мұны тексеруге және анықтауға көп уақыт кетеді. Осыған қарамастан, өткен жылы іске қосылған акция мыңдаған адамға құжаттарын алуға көмектесті және алдағы айларда еліміздің тағы бірнеше мың тұрғыны құжаттарын рәсімдей алады», - деді министр Ерлан Тұрғымбаев кеңес барысында.

Ведомство басшысы аталған акцияның әйелдер үшін маңызы зор екенін атап өтті. Жас қыздардан күйеулері немесе бірге тұратын адамдары құжаттарын тартып алатын жағдайлар да кездесіп жатады. Сонымен қатар, әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді немесе олар еңбек құлдығына түседі.

«Егер әйелдер осындай жағдайға тап болса, ол аумақтық көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіне алады немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама жібере алады. Полиция қызметкерлері құжаттарды заңды түрде тегін рәсімдеуге көмектеседі», - деді елдің бас полицейі.

Министр азаматтығы жоқ адамдарды анықтауға және құжаттау рәсіміне үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар үлкен көмек көрсететінін атап өтті. ІІМ құқық қорғаушыларға және барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға азаматтығы жоқ адамдардың проблемаларын шешуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Серіктес жаңалықтары