Шамалғанда пойыз жылдамдығы төмендейді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Шамалған елді мекенінің тұрғындары облыс басшылығымен кездесіп, пойыз бен автобус соқтығысқан жердегі қауіпсіздік мәселесін талқылады

Алматы облысында жол апатынан биыл 160 адам қаза тапқан. Бұл туралы бүгін «Қазавтожол» ҰК АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Жанабай Қобыландин Шамалған жұртымен кездесу кезінде мәлімдеді. Тас жолда өмірі қиылған марқұмдардан бөлек 450-дей адам түрлі дене жарақатын алған.  Ұзақ жылдар бойы айтылып келе жатқан Шамалған арқылы өтетін пойыз жолына автокөпір салу мәселесі  тек бір жарым жылдан соң ғана шешіледі.

Бүгін Шамалған стансасында жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар кездесіп, пойыз бен автобус соқтығысқан жердегі қауіпсіздік мәселесін талқылады. Тұрғындар облыс басшылығына шағымдарын айтып, көпір салуды талап етті. Толығырақ Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.