11.02.2021, 11:06
Қоғам
Мысырдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Ол Шарм-эль-Шейх қаласынан Алматы әуежайына ұшып келген
көрнекі фото
10 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсімен 1304 жолаушы келді. Олардың ішінде 1 032 жолаушыда ПТР-анықтамасы болса, қалған 272 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.
- Алматы әуежайына – 5 рейс (639 жолаушы, анықтамамен - 603, анықтамасыз – 36);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (560 жолаушы, анықтамамен - 324; анықтамасыз – 236);
- Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 80 жолаушы анықтамамен келген);
- Қарағанды әуежайына – 1 рейс (барлық 25 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
9 ақпанда анықтамасыз келген 224 Қазақстан азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Шарм-эль-Шейх (Мысыр) қаласынан Алматы әуежайына ұшып келген.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды