Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған екі өңір бар

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа өтті

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Денсаулық сақтау министрлігі 11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр: Ақмола және Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы.

Сондай-ақ қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.