Дубай мен Франкфурттан ұшып келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

6 ақпанда 484 жолаушы ПТР-анықтамасыз келген

көрнекі фото

7 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей және Тәжікстан елдерінен 18 халықаралық әуе рейсімен 2 474 жолаушы келді. Олардың ішінде 1 712 жолаушының теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 762 азамат тиісті анықтамасыз келген.  

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (1 086 жолаушы, анықтамамен - 727; анықтамасыз – 359);
  • Алматы әуежайына – 7 рейс (1 248 жолаушы, анықтамамен - 920, анықтамасыз – 328);
  • Өскемен әуежайына – 1 рейс (барлық 12 жолаушы анықтамамен келген);
  • Орал әуежайына – 1 рейс (128 жолаушы, анықтамамен - 53, анықтамасыз – 75).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

6 ақпанда анықтамасыз келген 484 ҚР азаматының екеуінен коронавирус анықталды. Олардың бірі Алматы әуежайына Дубайдан, екіншісі Нұр-Сұлтан әуежайына Франкфурт қаласынан ұшып келген.