Егде жастағылар орталықта спортпен тегін шұғылдана алады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел астанасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Әлеуметтік нысандарды барлық жас санаттарын ескере отырып ашамыз. Біздің ата-әжелеріміздің өтініші бойынша ардагерлер орталығы ашылды (Достық көшесі, 13). Аға буын орталықта спортпен тегін шұғылдана алады. Үстел ойындары да қарастырылды. Орталықта компьютерлік кабинеттер мен акт залы бар. Мұндай орталықтар зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға, басқа адамдармен араласуға көмектеседі», - дейді қала әкімі.
Сонымен қатар, төрт елдімекенде (Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный) ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда спортпен шұғылдануға арналған кабинеттерден басқа қарт адамдарға арналған тақырыптық клубтар, ХҚО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері және т.б. орналасады.
«Елорданы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында дамытудамыз. Бұл аудандар полиорталықты және кез-келген жастағы тұрғындардың мүдделері/қажеттіктері ескеріледі», - деді Алтай Көлгінов.