$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2021, 10:46
Қоғам

Зейнетақы жинағын алған тағы бір қазақстандық баспаналы болды

Ол – Қостанай облысының тұрғыны

Зейнетақы жинағын алған тағы бір қазақстандық баспаналы болды
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Қостанай қаласында тұратын Серік Сарбасов - біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданып, баспаналы болған екінші қазақстандық салымшы. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлайды.

Айтуынша, 1 ақпан күні қаражат арнайы шотына түсіп, 2 ақпан күні сатып алу-сату шартына қол қойып, жаңа пәтерінің кілтін алған. Ипотеканы «Отбасы банктен» аралық займ арқылы рәсімдеген. Яғни, бастапқы жарна ретінде пәтер құнының жартысын толықтырып, несиені 8.5% мөлшерлемемен алды. Бір жарым жылдан соң несие мөлшерлемесі 5%-ға дейін төмендейді.

Еске сала кетейік, 3 ақпанда зейнетақы жинағынан ипотека рәсімдеген алғашқы қазақстандық белгілі болды. Шымкент тұрғыны зейнетақы жинағының бір бөлігін бастапқы жарна ретінде пайдаланған.

Серіктес жаңалықтары