Зейнетақы жинағынан ипотека рәсімдеген алғашқы қазақстандық белгілі болды

Ол зейнетақы жинағының бір бөлігін бастапқы жарна ретінде пайдаланған

Зейнетақы жинағынан ипотека рәсімдеген алғашқы қазақстандық белгілі болды
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалынып, ипотека рәсімдеген алғашқы қазақстандық Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады.

Салымшы зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы өтінімін онлайн-платформа іске қосылған күннің ертесіне жіберген.

«Зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Сосын бірден өтініш жібердім. 1 ақпанда арнайы шотыма біржолғы зейнетақы төлемі аударылды», - дейді шымкенттік тұрғын.

Белгілі болғандай, БЖЗҚ салымшысы тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған екен.

«Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинағымды қолдандым. Ипотеканы «Отбасы банк» аралық займ арқылы рәсімдедім», - дейді. 

Салымшының айтуынша, несие де тез арада мақұлданып, ешқандай қиындық болмаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.