Зейнетақы қаражатын туысына табыстауға қатысты толық нұсқаулық әзірленді

Автор: Azattyq Rýhy

Қабылдаушы тараптың қаражатты қалай алатыны белгілі болды

Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

«Отбасы банктің» баспасөз қызметі зейнетақы жинақтары тек жақын туыстар арасында табысталатынын еске салады (ерлі-зайыптылар; ата-аналар; балалар; бала асырап алушылар / асырап алынғандар; туған немесе әкелері бір / аналары бөлек аға-інілер мен әпке-сіңілілер; аталар / әжелер).

Ол үшін:

  • Қабылдаушы тарапқа да, табыстаушы тарапқа да - арнайы шот ашыңыз;
  • Өтінім берер алдында, екі тарап та enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткендігіне көз жеткізіңіз;
  • Табыстаушы тарап otbasy-enpf.kz - платформасында "жақын туысына қаражат табыстау" тетігін таңдайды.
  • Табыстау қажет соманы көрсетесіз. Табыстауға болатын сомадан 20 000 теңгеге кем жазуға кеңес береміз.
  • Зейнетақы жинақтарын қабылдайтын туысының ЖСН жазасыз.
  • БЗТ қаражаты түскені туралы смс-хабарламаны күтіңіз. Өтінім 7 жұмыс күніне дейін қаралады (2 күн – банк, 5 күн-БЖЗҚ).
  • Осыдан кейін туыстықты растайтын құжаттарды жүктеңіз (неке, туу туралы куәлік және т. б.).

Құжаттарды тексеруге әдетте 2-3 күн жұмсалады, содан кейін «Құттықтаймыз, Сіздің өтінішіңіз өңделді және аяқталды» деген мәртебе пайда болады.

Қабылдаушы тарап қаражатты қалай алатыны:

  • Жеке кабинетте туысқаныңыздың қаражатын қабылдаңыз, «келісім» пернесін басыңыз.
  • ЭЦҚ арқылы келісімге қол қойыңыз. Кабинетке қайта кіріңіз, қаражаттың шотта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жеке кабинетте, өтінім беру бетінің төменгі жағында көрсетілуі керек.
  • Барлық соманы, соның ішінде туысқандарыңыздың да жинақтарын пайдалануға өтініш беріңіз.⠀

Егер сіз осы тізбекті сақтамай бір уақытта өтініш берген болсаңыз, платформада өтінімді жою мүмкіндігі пайда болуын күтуіңіз керек. Бұл операция алдағы 2 аптаның ішінде енгізілуі керек.