БҚО «сары» аймаққа өтті
Денсаулық сақтау министрлігі 3 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймақта үш өңір бар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан шығып, «сары» аймаққа енді.
Сонымен қатар бұл аймақта Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.
Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан әлі де «сары» аймақта тұр.