Зейнетақы жинағын алу үшін БЖЗҚ-ға 10 мыңнан астам өтінім түсті

Автор: Azattyq Rýhy

БЖЗҚ 8,5 мың салымшының өтінішін тексеруден өткізді

25 қаңтарда уәкілетті оператор - «Отбасы банктен» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жалпы көлемі 114,6 млрд теңгеден астам сомаға 10 292 өтінім келіп түсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

8 460 өтінім (сомасы 49,2 млрд теңге) тексеруден сәтті өтті. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ға өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, салымшылардың «Отбасы банктегі» арнайы шотына шамамен 49,2 млрд теңге аударылады. Аударымның орташа сомасы – 5,8 млн теңге.

БЖЗҚ заңнама талаптарына сәйкес келмегендіктен 1832 (18%) өтінімді қабылдамады:

  • Сомалар қате, яғни шоттағы зейнетақы жинақтарының көлемінен асыра көрсетілген. Сондықтан өтінімдерді «Отбасы банк» ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, мұқият толтыру керек.
  • Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.