Алматы облысы «жасыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта тұрған 8 өңір бар

көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігі 26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды облысы бар.

Бүгінгі матрица Алматы облысының «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткен. Ал Қазақстан республикасы «қызыл» аймақта. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.