Өңірде карантин талаптарын бұзудың 4 дерегі анықталды
Маңғыстау облысында құрылған 24 мониторингтік топ карантиндік талаптарды бұзудың 4 жағдайын анықтаған, оның барлығы бетперде режимін сақталмауына байланысты болған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
«Жыл басынан бері облыс бойынша мониторингтік топтар тарапынан 60 рейд жүргізіліп, 781 нысан тексерілген. Нәтижесінде, жеке кәсіпкерлердің карантин талаптарын бұзудың 4 фактісі анықталған. Оның ішінде, Ақтау қаласындағы «Uncle Jaek» түнгі клубына 2 айыппұл және 1 айыппұл «Золотой Дракон» кафесіне салынған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы «Вегас» фотосалонында да бетперде режимі сақталмайтыны анықталған.
Аталған тәртіпбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 1 050 120 теңге әкімшілік айыппұл салынған.