$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2021, 16:22
Қоғам

Былтыр Павлодар облысында 1 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

Жеке құрылыс салушылар 242,1 мың шаршы метрді пайдалануға берген

Былтыр Павлодар облысында 1 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: ашық дереккөзден

Облыста өткен жылы жалпы алаңы 372,5 мың шаршы метр 3281 пәтерлік 964 тұрғын үй қолданысқа енгізілді, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қаңтар-желтоқсан айларда тұрғын үй құрылысына 38,7 млрд теңге салынды немесе 2019 жылмен салыстырғанда 166,9%-ға жетті.

«Үй құрылысы салушылардың қаржыландыру көзі меншікті қаражат – 38,1%, бюджеттік қаражат – 61,9%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бойынша тұрғын үй құрылысына салынған қаражаттың үлесі 8% құрады», - деп жазылған хабарламада.

Жеке құрылыс салушылар 242,1 мың шаршы метрді пайдалануға берген. Қолданысқа енгізілген тұрғын үйлер көлемінде Павлодар қаласы ең жоғары үлес салмағын алады – 57,3%.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда аудандар бойынша 
тұрғын үйлер пайдалануға беру шаршы метрін өзгерісі (+,-), %-бен

Тұрғын үй мемлекеттік бағдарласы шеңберінде жалпы алаңы 123,7 мың шаршы метр 1601 пәтерлік 34 ипотекалық және жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй тапсырылды. 

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындар 83,4 мың теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары