Шет елдерден 132 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді

Автор: Azattyq Rýhy

Кеше Қазақстанға 6 халықаралық әуе рейсімен 878 жолаушы келді

көрнекі фото

18 қаңтарда Қазақстан аумағына Италия, Мальдив, БАӘ, Түркия, Беларусь елдерінен 6 халықаралық әуе рейсімен 878 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама 746 жолаушыда болса, қалған 132-сі анықтамасыз келген.

 Оның ішінде:

  • Алматы әуежайына – 3 рейс (558 жолаушы, анықтамамен - 443, анықтамасыз – 115);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (181 жолаушы, анықтамамен - 165; анықтамасыз – 17);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (139 жолаушы, анықтамамен - 138; анықтамасыз – 1).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 17 қаңтарда тиісті анықтамасыз ұшып келген барлық 588 Қазақстан азаматынан коронавирус анықталған жоқ.