Соңғы бір жыл ішінде Қазақстандағы қарт адамдардың саны 1,4 млн адамға жетіп, 4%-ға өскен
БҰҰ болжамы бойынша, әлем халқының саны 2050 жылға қарай 9,7 млрд адамға жетуі мүмкін. Ал, 2050 жылы Қазақстан халқының саны 24 млн адам болады деген болжам бар. 2019 жылдың басындағы көрсеткішке сенсек, қазір қазақстандықтардың саны 18,4 млн адам. Соңғы 10 жылдағы орташа жылдық өсім 1,5%-ды құрап отырды. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.
Халық санының артуы егде адамдар санының да тұрақты өсуімен де байланысты, бұл жағдай Қазақстанда да байқалады. 2014 жылы жасы 64-тен асқан жандардың қатары халық санынының 6,8 пайызын құраса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 7,5%-ға жетті. Болжамға сәйкес, 2050 жылы бұл көрсеткіш 14,1%-ға жетіп, екі есе ұлғаюы мүмкін. БҰҰ-ның жас айырмашылығы шкаласында Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдердің қатарына жатады.
Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы да өседі деген болжам бар. 2014 жылы өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 71,44 жыл болса, 2018 жылы 73,15 жасты көрсетті.
Сондай-ақ 2019-2050 жылдар аралығында әлеуметтік қолдау коэффициенті азайып, жасы 65-тен асқан 1 зейнеткерге еңбекке жарамды 3,5 мың адамнан келеді екен. 2014 жылы бұл көрсеткіш 7,5 мың адам болса, 2018 жылы 6,8 мың адам болған.
Қазақстандағы қартаю процесі еңбек нарығына, экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ алдағы онжылдықта әлеуметтік және зейнетақы төлемдері бөлігінде мемлекеттік бюджетке салмақ салуы мүмкін.