Пандемия басталғалы елде коронавирустан 2 349 адам қайтыс болды
4 және 10 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 30 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда:
Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 12 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Ақмола, Қостанай облыстары; «сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары енді. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.