Елордада тағы да жылы аялдамалар салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады

informburo.kz

«Қаладағы жылы аялдамалардың бірқатарына бардым. Жылуы жоқ аялдамалар анықталады. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфуллин көшесіндегі «Жастар сарайы» аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды», - деп жазды А.Көлгінов.

Сондай-ақ жылуы істемей тұрған аялдамалардың нақты орналасқан жерін айтуды сұрады.

«Қала тұрғындарына жайлы болу үшін көбірек жылы аялдамалар салуды жоспарладық», - дейді ол.