Өткен аптада коронавирустан 57 қазақстандық қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Пандемия басталғалы елде коронавирустан 2 262 адам қайтыс болды

көрнекі фото

28  желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 57 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда:

  • Атырау облысында - 18;
  • Алматы қаласы - 9;
  • Павлодар облысында - 7;
  • Батыс Қазақстан облысында - 5;
  • Шығыс Қазақстан облысында - 5;
  • Алматы облысында - 2;
  • Қостанай облысында - 2;
  • Қарағанды облысында - 2;
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 2;
  • Шымкент қаласында - 2;
  • Ақмола облысында - 1;
  • Ақтөбе облысында - 1;
  • Түркістан облысында - 1.

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 8 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақтар бойынша 7 қаңтардағы бағалау матрицасы өзгеріссіз қалды. Кеше Атырау облысы Атырау облысы «қызыл» аймақтан шыққан еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған бірде-бір өңір жоқ.

«Сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.