2025 жылға дейін Жезқазғанда әлеуметтік маңызға ие нысандар салынады – Nur Otan

Автор: Azattyq Rýhy

Партияның республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастаған республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Облыстың ауданы мен қалаларын үгіт-насихат жұмыстарымен қамту мақсатында жасақталған арнайы 6 бағыттағы топтың үшіншісі Жезқазған-Ұлытау аймағында жұмыс жүргізді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірдің ахуалымен, азаматтарды толғандырған мәселелермен танысуды мақсат еткен штаб жұмысының аясында республикалық сайлауалды штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Берік Әбдіғалиұлы бастаған және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бекзат Алтынбеков, Бауыржан Шыңғысов, Силар Қияқбаев және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Нүркен Ғабдулуахитов сайлаушылармен жүздесті.

Үгіт-насихат жұмыстарының алғашқысы Жезқазған мыс қорыту зауытында өтті. Үгіт-насихат тобын жылы шырай танытып қарсы алған зауыт директоры Ербол Адреисов кандидаттарға ақ жол тілеп, жиынды бастап берді.                                                   

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын тарқатқан кездесуде кандидаттар жезқаланың болашағына көз тастап, алдағы бес жылда партияның бастамасымен өміршең болатын ілкімді істері таныстырылды. Естеріңізде болса, көшбасшы партия әр аудан мен қаланың ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін шешу үшін өңірлік даму бағдарламасын әзірлеген. Жезқазған қаласының даму жоспары 7 бағыттан құралып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негізделген. 2021-2025 жылдар аралығында мысты өлкеде әлеуметтік маңызға ие нысандар салу, сонымен бірге көптен бері шешімін таппай келе жатқан жылу, кәріз желілерін жаңарту, ауыз су сапасын арттырып, экологиялық ахуалды оңалту жоспарланған. Қаламыздағы апатты үйлердің проблемасы да кезең-кезеңімен оң шешімін тауып жатыр. Тұрғындарға өтемақы төлеп, ескі үйлердің орнына жаңа үй салу бойынша бүгінде нақты қадамдар жасалған. Аталған бағыттағы жұмыстар сөзсіз жалғасын табады. Бұл сөзімізге Елбасы бастаған «Nur Otan» партиясының бағдарламасы дәлел», - деп айтылды кездесу барысында.

Қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін аянбай қызмет етуге дайын екенін тілге тиек еткен Берік Әбліғалиұлы бастаған кандидаттарға қолдау білдірген жезқазғандық металлургтер 10 қаңтарда дауыс беруге шақырды. 

Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді