9 немере, 14 шөберенің атасы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырады
Қарағанды облысының Шашубай кентінде өте жылы және шынайы кездесу өтті. «Nur Otan» партиясынан кандидат Айман Түкбаева ауыл тұрғыны Николай Федотовпен кездесті.
Николай Васильевич 83 жаста, ол – ауылдың құрметті еңбек ардагерлерінің бірі, атақты балықшы, тәлімгер. Шамамен 65 жыл бұрын ол бұл жерге Қырғызстанның Фрунзе қаласынан көшіп келген. Сол уақыттан бастап Шашубай кенті оның екінші Отанына айналды және мұнда ол өзінің сүйікті ісі – балық аулаумен айналысты.
Балқаш көлін ол жатқа біледі, кенттік айлақтан Алматы облысының оңтүстік жағалауына дейін қайықпен кез келген нүктеге жүзе алады. Коля ағай балықшылардың бригадасын басқарды, оның фотосуреті әрқашан құрмет тақтасында болды. Көптеген мемлекеттік наградалармен, сыйлықтармен марапатталған.
Николай Федотов – 2 ұл және 2 қызды тәрбиеліп отырған әке. 9 немересі мен 14 шөбересі бар. Пандемияның осы қиын кезеңінде адамзаттың басына төнген қауіп үшін алаңдайды. Ол 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген сайлауға жауапкершілікпен қарап, барлық тұрғынның қатысуы керек екендігін айтты.
«Қазір теледидардан көріп отырамын. Газеттерден «Nur Otan» партиясының еліміздің әрбір азаматына қамқорлық жасап отырғанын оқимын. Партияның игі ісі – адамдарға қамқорлық жасау», - деді кездесу барысында қарт тұрғын.
Қазақстанның гүлденуі үшін дұрыс таңдау жаса!!!
Қарағанды облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражатынан төленді