Зейнетақы қаражатын пайдалануға өтінім қабылдау қашан басталады?

Автор: Azattyq Rýhy

Қордан алынған қаражат 45 күннің ішінде мақсатты түрде жұмсалмаса, ол кері қайтарылады

Фото: ашық дереккөзден

Зейнетақы қорынан ақшаны уақытынан бұрын алу үшін өтінім 8 қаңтарда қабылдана бастауы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-те өткен тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біз Қаржылық реттеу агенттігінен бірыңғай зейнетақы төлемін пайдалану бойынша арнайы ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін лицензия алдық. Біз мұндай лицензияны алған алғашқы банк болып отырмыз. Егер зейнетақы жинағын пайдалану ережелері бүгін бекітілсе, онда 8 қаңтарда барлық нормавтивті-құқықтық актілер қабылданып, 8 қаңтарда жұмысты бастап кетеміз», - дейді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, зейнетақы қорынан алынған қаражат 45 күннің ішінде мақсатты түрде жұмсалмаса, ол толық көлемде азаматтың БЖЗҚ-дағы қорына кері қайтарылады.