Шымкент қаласында карантин режимі 2 аптаға ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды

көрнекі фото: vlast.kz

Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігердің «Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» қаулысына сәйкес, қала аумағында 11 қаңтар сағат 00:00-ден бастап 25 қаңтар сағат 00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалықв, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қалада 65 жастан асқан адамдардың жүруі шектеледі. Тұрғындар әлеуметтік қашықты кемінде екі метр сақтап, маска киіп жүруі қажет.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.