Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өздеріне лайық жұмыс табуы үшін Мамандықтар атласы құрастырылады
Ерекше қажеттіліктері бар облыс азаматтары облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлермен онлайн-форматта өткен кездесуде мүгедектікті растаудың ережелерін қайта қарастыруды өтінді.
Света Әбдіраманова мен Марина Стрелковская аталған мәселенің партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын айтты. Алдағы уақытта мүгедектікті растау процедурасы жеңілдетіліп, оның заңды өтуіне барынша жағдай жасалады.
«Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы – өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартатын боламыз», - деді Света Әбдіраманова.
Кандидаттар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өздеріне лайық жұмыс табуы үшін Мамандықтар атласы құрастырылатынын айтты.
Биыл әлеуметтік қызметтердің біртұтас порталы енгізіліп, сол арқылы мүгедектігі бар адамдар онлайн-режимде өздеріне қажет бұйымдар мен қызметтерді үйден шықпай-ақ сатып ала алады.
Барлық түскен өтініштер мен тілектерді облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар алдағы уақытта ескеретін болады.
«Nur Otan» партиясы Павлодар облысы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.