ШҚО-ның кей жерінде 40 градусқа дейін аяз болады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

көрнекі фото

«Қазгидромет» Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 6 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерінде 40 градус қатты аяз сақталады.

6-8 қаңтарда Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. 6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.