$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2021, 13:41
Қоғам

Атырауда үлескерлерге берген уәдесін орындамаған компанияға қатысты тергеу жүріп жатыр

Тұрғын үйде бір пәтер екі адамға сатылған

Атырауда үлескерлерге берген уәдесін орындамаған компанияға қатысты тергеу жүріп жатыр
фото: azh.kz

Атырауда үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындамаған компанияға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Нұрмұхамбет Мүтәлиев хабарлады.

Компания үлескерлерден қаражат тартып (олар 2 млн-нан 20 млн теңгеге дейін жарна салды), орнына «Ақ Шағала» ықшамауданында өзеннің дәл жағасынан «Victory Park» тұрғын үй кешенін салуға уәде берді. Уәлиханов көшесіндегі келбетті кеңсе, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі белсенді жарнама... Құрылыстың аяқталуы 2019 жылдың соңына жоспарланған болатын. Бірақ 2019 жылдың аяғында да, өткен 2020 жылы да үлескерлерге пәтер тимеді.

«Бастапқыда біз үш бөлмелі пәтер болмағандықтан, екі бөлмелі пәтер алуға келісім жасастық. Кейін компания өкілдері үлкен пәтерлердің босағанын айтып, мені қуантып, біз жаңа келісімшартқа отырдық. Содан соң жылжымайтын мүлікке қол жеткізе алмайтынымыз белгілі болғанда, бір чатқа біріктік. Сол жерде бір пәтердің екі адамға - маған және басқа сатып алушыға сатылғаны анықталды», - деп әңгімелейді бар ақшасын жаңа үйге салған Мәди Қабденов.

Бастапқыда фирма жұмысы жақсы жүрген. Кешеннің алғашқы ғимараты салынып бітіп, тіпті, тұрғындар қоныстанған. Бірақ кейін оны жер телімін иелігіне алған басқа компания өкілдері қиратқан. Қазір құқық қорғау органдары осы істің мән-жайын тексеріп жатыр.

«Осы компанияға қатысты 11 арыз түсті. Тергеу әлі жүріп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды», - деді Н.Мүтәлиев.

Серіктес жаңалықтары