«Nur Otan» партиясының негізгі бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту
Атырау облысы Құрманғазы ауданында пандемияның салдарымен күрес жұмыстары жүргізіледі
COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді, жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтар әлсіретті. Біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін жұмысшылар ең көп зардап шекті: даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқалар. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызға өсіп отыр.
«Nur Otan» партиясы әр адам өзіне және өз отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлікті, туризм және ауыл шаруашылығын дамытуға және өнімдер шығаратын жаңа өндірістер ашуға баса назар аударылатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- 2020 жылы Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша 2 инфрақұрылымдық жобаға 107 адам жұмысқа орналастыруға;
- «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 2000 адамды қамтуға;
- Пандемияға байланысты жұмыстан қысқартылған («ТШО» компаниясы, Қарабатан және т.б.) азаматтардың несие алу, грант алуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.
Нәтижесінде, ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылданып, 5 жыл ішінде өңірде 6 мыңнан аса жұмыс орны ашылады, оның ішінде тұрақты жұмыс орны – 3,5 мың.
Ж.Шакупов, Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді