Сонымен қатар 64 ауылда сумен жабдықтау нысандары салынады
«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сұлупан Шынтасова мен Такталифум Есенғұлов «Автопарк» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Кездесу барысында Сұлупан Шынтасова пандемия кезінде партия тарапынан көрсетілген қолдаулар туралы айтып, «Nur Otan» партиясы қиын кезеңдерде халыққа әрдайым көмек көрсететінін жеткізді.
«Биыл төтенше жағдайға байланысты өңірде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты бірқатар азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтсақ, олардың қатарында мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлер, аз қамтылған отбасылар бар. Партия тарапынан «Biz birgemiz» акциясы аясында 50 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттері жеткізіліп, 50 000 теңгеден 50 мың адамға көмек берілді. Бұдан бөлек 30-дан астам жаңа бизнес-жоба құру үшін кәсіпкерлерге гранттар бөлініп, жұмыспен қамтудың жол картасы аясындағы жобаларға 46,3 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Бұл алдағы уақытта 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деген Сұлупан Шынтасова партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарға жеке-жеке тоқталды.
Өз сөзінде үміткер қоғамдық көлік мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, алдағы бес жылда облыста қоғамдық көлік қозғалысын дамыту үшін партия тарапынан бірқатар жоба мен бастама жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту үшін арнайы жоспар құрылмақ. Осылардың нәтижесінде 2025 жылға қарай облыста сапалы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 56%-дан 85%-ға дейін артады.
Такталифум Есенғұловтың айтуынша, алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясы облыс халқын сапалы ауызсумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешеді. Сондай-ақ 200-ден астам тұрғыны бар ауылдарда орталықтандырылған су құбырлары салынып, қалғандарына кешенді су тазарту модульдері орнатылады.
«2021-2023 жылдары өңірдегі 64 ауылда сумен жабдықтау нысандары салынады және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, Әйтеке би ауданында — 10, Алға ауданында – 6, Байғанин ауданында – 9, Қарғалы ауданында – 1, Мұғалжар ауданында – 10, Темір ауданында – 7, Ойыл ауданында – 5, Қобда ауданында – 4, Мәртөк ауданында -1, Хромтау ауданында – 3, Ырғыз ауданында – 6, Шалқар ауданы – 2 елдімекенге ауызсу құбыры жүргізіледі. Ал 2025 жылға дейін 104 ауыл газбен жабдықталады. Осылайша алдағы бес жылда партияның бастамасымен облыстың 880 мың тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізеді, бұл ретте тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Сондай-ақ газбен облыстың 800 мың тұрғыны немесе ауылдардың 68,9 пайызы қамтамасыз етіледі», — деді кандидат.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!
Қаржы «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық сайлау қорынан төленді